Уимблдонның бірінші кезеңінде Винус Уильямс бельгиялық Элиза Мертенсті — 7:6, 6:4 есебімен ұтты. Матч соңынан кейін ұйымдастырылған баспасөз маслихатында америкалық теннисші, журналистің адам өлімімен аяқталған жол апаты жайлы сұрағынан кейін жылап жіберді.

Естеріңізге салайық, 9 маусымда Винус Уильямс жол апатына ұшыраған. Винус Toyota Sequoia автокөлігімен қызыл бағдаршамға өтіп кеткен кезде Линда Барсон жүргізген Hyundai Accent көлігімен қақтығысып қалған. Нәтижесінде, жеңіл автокөлікті жүргізген Линда мен Джером әр-түрлі жарақат алған. Екі аптадан кейін 78 жастағы Джером Барсон ауруханада көз жұмған. Ал арнайы сараптамалық текскеріс спортшының организмінде қабылдауға болмайтын дәрілер мен алкогольді таппаған.