7 шілдеде Екатеринборда «Big Drama Show 2» өтеді. Кешті Герман Титовтың «RCC Boxing Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.

Осы турнирдің аясында бірден екі боксшы дебютін өткізеді. Бірінші ең жеңіл салмақта қазақстандық Мадияр Жанұзақ ресейлік Құрбан-Әли Бобокалоновпен күш сынасады. Бұл екі боксшы үшін де дебютті жекпе-жек болмақ.

Тағы бір қазақстандық Дәулет Дәукенов кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін ресейлік Фарходбек Мамаджоновпен жұдырықтасады. Фарходбек бұған дейін 5 жекпе-жектің екеуін жеңген.