Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жегінен не күтетінін айтты.

«Ертең Геннадий лагерьге келіп, жаттығуды бастаймыз. «Канелоны» соңғы раундтарда немесе төрешілер шешімімен жеңсең, жеткілікті болады», - деді Санчес Fighthype.com-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Нью-Йорктегі T-Mobile аренасында өтеді.