Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер 2013 жылы Габриэль Росадомен жұдырықтасар алдында GGG қандай қиындыққа тап болғанын есіне алды.

- Бұл Росадомен жекпе-жек алдындағы қорқынышты түн болды. Геннадий Лос-Анджелестен Нью-Йоркке ұшар сапарында өзін ауыр сезінді. Ал бейсенбі күні түнде дұрыс дем ала алмады. Түнгі екіде менеджерді нөмірге шақырып алып, ауа жұта алмай жатқанын айтты. Біз оны қалыпқа келтіру үшін бәрін істедік – арома-терапия, шәй. Сенбі күні таңертең салмақ өлшеуден соң ол Абель Санческе жақсарып қалғанын, жұдырықтаса алатынын айтты. Бұл қорқынышты сәт еді, бірақ «Гардендегі» алғашқы кездесу тамаша өтті, - деді Леффлер CBS Sports-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин сол жекпе-жекте Росадоны жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.