Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG-ді неге кореялық бокссүйер қауым сонша жақсы көретінін айтты.

- Көбі Геннадийдің атасы Кореяда туғанын білмейді. Бүгінде Головкиннің жекпе-жектері ол жақта өте жоғары рейтинг көрсетіп жүр. Себебі Корея халқы онымен байланысын сезеді. Ол бокстың нағыз халықаралық жұлдызы болып өсті, - дейді Леффлер.

Айта кетейік, Головкин 4 жыл бұрын өз сөзінде «Әкем - орыс, анам - кәріс, ал мен - қазақпын» деген болатын.