Польшалық шабуылшы Роберт Левандовскийге «Челсидің» бас бапкері Антонио Конте қызығып отыр.

Поляк осы маусымда «Бавария» сапында 30 гол соққан болатын. Бірақ ол Бундеслиганың үздік сұрмергені атағын ала алмады. Ол «Боруссия» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянгке жол берді. Үздік бомбардир атағын жеңіп алуға көмектеспегені үшін Роберт командаластары мен бас бапкерден көңілі қалғанын айтты.

Англиялық клуб осыған байланысты Левандовскийді өз сапына ауыстырып алмақ.