«Ордабасы» футбол клубы 26 жастағы жартылай қорғаушы Оливер Петракпен келісімшартқа отырды.

Хорватиялық ойыншы шымкенттік ұжыммен біржылдық келісімге қол қойды.

Оливер Петрак бұған дейін хорватиялық «Локомотив», «Динамо Загреб», «Лучко», «Истру» және босниялық «Зриньскидің» намысын қорғаған болатын.