Алматыда Астана күніне арналған велошеру өтті
«Спорттық Алматы» жобасы аясында Астана күніне арналған кезекті велошеру өтті.
1000-нан астам велоспорт әуесқойлары «Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңында жиналып, ұйымдастырушылар атынан сөре нөмірлерімен, бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік алды. Олар жалпы 12 шақырым жолды жүріп өтті. Апта сайын тілек білдірушілер саны өсіп келеді. Тағы бір қуантарлық жайт, ата-аналардың балалармен бірге қатысу, бұл дегеніміз жеткіншектерді жастайынан спортқа баулу.
Мәреде қатысушыларға сыйлықтар табысталды, сондай-ақ, мереке құрметіне сәті түскендер велосипедтерді жеңіп алды.
- Әрине, қуанышымда шек жоқ, бақыттымын. Екі жыл бойы апта сайын велошерулерге қатысамын. Бүгін, алғаш рет велосипед жеңдім. Өзім велоспортпен шұғылданамын. Ұтысымды досыма сыйлаймын, - деп әсерімен бөлісті Арсений Сурков.
Сонымен қатар, «Спорттық Алматы» бағдарламасының ұйымдастырушылары Алматы қаласы ақпараттық-спорттық хабының тілшісі Айдана Адильбековаға халықаралық спорттық журналист және туған күніне орай велосипед сыйлады.
Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасының қолдауымен осымен оныншы мәрте өткізілді.Жалпы осы жылы 21 велошеру жоспарланған. Бағдарлама Алматыда бұқаралық спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды елге танытуға бағытталған.
Комментарии