Бүгін футболдан ел чемпионатының 18-туры мәресіне жетеді.

Тур шымылдығын Қарағандыдағы матч жабады. «Кеншілер» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды. Кездесудің басталуы – Астана уақытымен 19:00-де.

Ойынды ҚКФЛ-ТВ интернет-жобасынан көруге болады.

Айта кетейік, осыдан үш күн бұрын Ақтөбеде осы клубтар арасындағы матч өткен еді. Сол кезде «Шахтер» алаң иелерін жеңіп кеткен-ді.