Бүгін футболдан жастар арасында Еуропа чемпионатының финалында Германия Испания құрамасымен күш сынасады.

Немістер жартылай финалда Англия құрамасын пенальти сериясында жеңсе, Испания Италия құрамасынан басым түскен болатын.

Букмекерлер бүгінгі кездесуде испаниялықтар жеңеді деп ойлап отыр. Мен де бұл пікірмен келісемін. "Қызыл фурия" жарыс бойы ешкімге дес бермей келеді. Барлық ойында жеңіске жетті. Германия болса топтық кезеңде Италиядан жеңіліп, кейін жартылай финалда Англиямен негізгі уақытта тең түскен болатын.

Сондай-ақ, бүгінгі кездесуге "бундестимнің" екі негізгі ойыншысы қатыспайды. Сондықтан бұл ойынға болжамым - Испания құрамасының жеңісі. Сауль Ньигес бастаған жігіттер қолда тұрған кубокты бере қоймас.

Болжам - Испания жеңеді 1.9 кэф (Olimp.kz)