«Реал» және португалия құрамасының форварды Криштиану Роналду егіз екі баланың әкесі атанғанын мойындады.

Осыған байланысты Конфедерация Кубогының 3-ші орын үшін болатын таласта Португалия құрамасының атынан ойнамайтын болды. Мұндай шешімге Чилимен болған жартылай финалдан кейін келген болатын. Естеріңізге сала кетсек, пенальти тебу кезінде 0:3 есебімен Португалия құрамасы қарсылас командаға есе жіберген болатын. Егер финалға шығатын болса, Роналду құрамада қалатын еді.