«Миланның» аңыз ойыншысы Паоло Мальдини кәсіпқой теннистегі бірінші матчын өткізді.

49 жастағы италиялық бұрынғы футболшы Стефано Ландониомен жұпта Миландағы «Челленджер» турнирінің бірінші айналымында жеңіліс тапты.

Мальдини/Ландонио дуэті Томаш Беднарек пен Дэвид Пелю жұбынан ұтылып қалды – 1:6, 1:6.