Мексикалық Сауль Альварес орта салмақтағы британиялық Билли Джо Сондерсті қарсылас санамайтынын айтты.

«Мен тіпті Сондерсті қарсылас құрлы көрмеймін. Ол екеуміздің біреуімен жекпе-жекке шығу жайлы ойланбас бұрын, салмағын түсіру керек. Егер жұдырықтасатын болсақ, мен оны көзімді жұмып, бір қолмен-ақ құлатамын», — деп Альварестің сөзін BoxingScene жеткізді.