Германиялық Александр Зверев швейцариялық Роджер Федерермен финалда кездесуі жайлы пікір білдірді.

«Осындай аудиторияның алдындау ойнаған керемет сезім сыйлайды. Былтыр мен осы жерде Федерерден басым түскен едім. Бірақ финалда мүлде бөлек ойын болады. Бәрі финалда Роджермен ойнауды армандайды», — деп Зверевтің сөзін АТР ресми сайты жеткізді.