«Барселона» клубының шабуылшысы Неймар ПСЖ ойыншысы Верратиидің командаға ауысуын құптап отыр.

«Верратти? Мен оны біздің команда қатарынан көргім келеді. Ол керемет ойыншы. «Барселона» клубында ойнау үшін барлық жағынан лайық. Егер бұл трансфер орын алып жатса біздің команданың бәрі қуана қабылдайтынына сенімдімін», - дейді Неймар.