Әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы, үш мәрте әлем кубогының иегері және бразилиялық джиу-джитсудан екі дүркін Азия чемпионы Арман Оспанов шеберлік-дәрісін өткізді.

Сонымен қатар, аталмыш шараға Орынбор қаласы (Ресей) «Новый Поток» клубының өкілі, М-1 Global чемпиондық белбеуін иеленген тұңғыш этникалық қазақ Дамир Ысмағұлов қатысты.

Арман Оспанов аралас жекпе-жекте сегіз айқас өткізіп, оның барлығында басымдықпен жеңген. АҚШ-та атақты Грэга Джексонның қол астында жаттығады. Арман ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы. «Alash Pride» кәсіпқой клубының өкілі Арман Оспанов, ACB ұйымның жартылай жеңіл салмақтағы дивизонында өткізген соңғы жекпе-жегінде, жапониялық Таичи Накажиманы нокаутпен ұтқан болатын.