Аңызға айналған боксшы үлкен Хулио Сезар Чавес Абель Санчестің сөзіне жауап қатты.

Айта кетейік, Санчес бұған дейін сұхбаттарының бірінде Геннадий Головкинді мексикалық стильдің мұрагері деп атаған болатын.

«Абель Санчес – үздік бапкерлердің бірі және менің жақын досым, оны қатты құрметтеймін. Бірақ Головкин қарапайым боксшы. Ол мен сияқты жұдырықтаса алмайды», - деп жауап қатты үлкен Чавес Fight Hub тілшісіне.