Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Головкин - Альварес жекпе-жегінің андеркады жайлы пікір білдірді.

— Біз АҚШ-қа оралғанда андеркардқа қатысты жұмыс істейміз. Біз керемет кард жасақтағымыз келеді. Ол жерде танымал боксшылар болады. Жанкүйерлердің көңілінен шығады, — деді Де Ла Хойя iFL.tv-ге берген сұқбатында.