Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобиржан Моминов төртінші кездесуін АҚШ-та өткізеді. Моминовқа 29 жастағы америкалық Лионель Хименес қарсы тұрмақ, деп хабарлайды profiboxing.kz.

Бокс кеші Диборн қаласында (Мичиган штатында) өтеді. Кездесу жартылай орта салмаққа белгіленген. Осыған дейін қазақстандық 3 кездесудің үшеуінде де жеңіске жетті.