Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Аталмыш жарыста ел намысын алматылық «Қайрат», шымкенттік «Ордабасы» және павлодарлық «Ертіс» қорғайды.

Бүгін Ньон қаласында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, сайысқа түсетін командалар анықталды.

Нәтижесінде, «Қайрат» (Қазақстан) - «Атлантос» (Литва), «Ордабасы» (Қазақстан) - «Широки Бриек» Босния және Герцоговина, «Ертіс» (Қазақстан) - «Дунав» (Болгария)

Бірінші кездесулер 29-шы маусым күні, ал қарымта ойындар 6-шы шілде күні өтеді.

Айта кететін жайт, Еуропа лигасының іріктеу кезеңі төрт раундтан тұрады. Бұл қазақстандық клубтардың алғашқы қарсыласы.