Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингісі жаңартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Рейтингінің алғашқы үштігін неміс спортшысы Анжелик Кербер, румыниялық Симона Халеп және чех теннисшісі Каролина Плишкова бастап тұр.

Алғашқы жүздікке кіретін қазақстандық Юлия Путинцева төмен түсіп, 42-ден 44-ші орынға жылжыды. Ал қазақстандық тағы бір спортшы Ярослава Шведова 47-ші орыннан бір сатыға төмен түсті.

Керісінше рейтингінің 133-орнына жайғасқан Зарина Дияс Манчестер қаласында өткен WTA санатындағы халықаралық турнирдегі жеңісінен кейін 74 орынға жоғарылады.