ITV Sport Football жүргізушісі Сэм Мэттерфейс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) тегін футболдан Ресейдің ұлттық құрамасының ойыншыларының бірінікімен шатастырып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Алаңда Головкинді көріп отырғанымызға ризамыз. А.Смолов-ресейліктер қауіптенетін басты ойыншы. Вуд болса құрама сапында ойнаған 50 матчта 19 гол салды. Ресей-Жаңа Зеландия матчының тікелей трансляциясы», - деп жазды жүргізуші твиттерде.

Шамасы Мэттерфейс Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы алаңда 90 минут ойнаған Александр Головин туралы айтқан болуы керек. «GGG - футболшы болып кеткен бе?», - деп қалжыңдады жанкүйерлердің бірі.

Бұл твиттегі Сэмнің қателескен жері тек осы ғана емес. Ол Ресейдің мемлекеттік туының орнына өзге елдің белгісін қойып қойған.