Футболдан Молдова құрамасының шабуылшысы Игорь Бугаев ресми түрде «Ертістің» жаңа ойыншысы атанды.

32 жастағы шабуылшы керекулік командаға «Зарядан» (Белцы) ауысты.

Сондай-ақ, Бугаев «Динамо» (Молдова), «Тилигул-Тирас» (Молдова), «Черноморец» (Украина), «Чахлэул» (Румыния), «Урал» (Ресей), «Металлург» (Украина), «Астана» (Қазақстан), «Тобыл» (Қазақстан), «Дачия» (Молдова) сынды клубтарда өнер көрсеткен.