«Атырау» футбол клубы екі ойыншымен келісімін бұзды.

Сербиялық қорғаушы Вукашин Томич пен хорватиялық шабуылшы Иван Родич «мұнайшылар» сапынан кетті. 31 жастағы Родич биылғы маусымда бес ойынға қатысса, Томич тек екі кездесу ғана өткізді.