Ресей атынан өнер көрсететін қазақ қызы Бибісара Асаубаева ФИДЕ-нің ерлер арасындағы шебері атанды. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Қуанышты жаңалықпен «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Иғали фейсбуктегі парақшасында бөлісті. «Минскіде ерлер арасында өткен Еуропа чемпионатында Тараздың 13 жастағы тумасы Бибісара Асаубаева 11 ұпайдан 5,5 (3 жеңіс, 5 тең ойын, 3 жеңіліс) жинап, халықаралық ерлер шебері нормасын орындады. Осылайша автоматты түрде ФИДЕ-нің ерлер арасындағы шебері атанды. Құтты болсын!», - деп жазды Марат Иғали.