Сауд Арабиясында «Барселона» футболкасын киіп жүрген адам 135 мың еуро айыппұл төлейді немесе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Mirror хабарлағандай, бұл шешім Сауд Арабиясымен Катар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас тоқтатылғаннан кейін қабылданған. Qatar Airways жазуы үшін футболка заңға қайшы келген. Ал бұл компания 2013 жылдан бері «Барселонаның» демеушісі қызметін атқарып келеді.