Бүгін Париж төрінде «Ролан Гаррос» турнирінің әйелдер финалы өтті.
Ақтық сында жас латвиялық теннисші Елена Остапенко мен румыниялық Симона Халеп күш сынасты. Үш сеттық теке-тіресте 19 жасар Елена ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп 4:6, 6:4, 6:3 Остапенконың пайдасына.
Бұған дейін Елена бірталай азулы қарсыластарды тізе бүктірген еді. Ал Симона Халеп «Ролан Гаррос» жарысының финалынан екі рет сүрінген.
«Ролан Гаррос-2017»
Финал. Әйелдер
Елена Остапенко (Латвия) – Симона Халеп (Румыния) 4:6, 6:4, 6:3
Комментарии