Испандық теннисші Рафаэль Надаль Roland Garros турнирінің жартылай финалында Австрия спортшысы Доминик Тимді жеңіп финалға шықты.

Испандық теннисші өзінің спорттық мансабында Франция ашық біріншілігінің финалына оныншы рет шығып отыр. Финалда Надаль әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген.

Рафаэль Надальдың финалдағы қарсыласы Стэн Вавринка болмақ. Бір қызығы Вавринка да «Үлкен дулыға» жарыстарына енетін турнирдердің финалында жеңілмеген.

Париж (Франция)

Roland Garros

Жалпы жүлде қоры 32 017 500 еуро

Ерлер

Жекелей сын

Жартылай финал

Надаль (Испания, 4) – Тим (Австрия, 6) – 6:3, 6:4, 6:0