Қалалық «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Республикалық спорт колледжінде мемлекеттік қызметкерлер спорттың тоғыз түрінен жарысты.

Жарыстар мини-футбол, армрестлинг, жеңіл атлетика, волейбол, жүзу, үстел теннисі, гір көтеру, арқан тарту және шахматтан өтті. Волейболдан басқа спорттардың бәрі РСК-да болды. Ал волейболдан жарыстар ҚазҰУ қабырғасында ойналды.

Сайыстарды төрешілер жеңілдетілген ереже бойынша өткізді. Жалпы қатысушылар саны 600-ге жуық. Олардың ішінде мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлер, сондай-ақ, қалалық құқық қорғау органдарының жұмысшылары бар.

«Ең жақсы әсер алдым. Кеше футболдан жарысқа қатысып, үшінші орын еншіледік. Ал бүгін еркін стильде 50 метрлік қашықтыққа жүзуден жарыстық. Біз әуесқой болғандықтан, 37 секунд жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. ІІД қызметкерлерімен сайысқа түстік. Жыл сайын қатысқымыз келеді. Келесіде үздік команда жинақтауға тырысамыз. Мұндай жарыстар ұжымның бірлігіне көмектесетіні сөзсіз», - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Серік Құрманбаев.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен медаль табысталды.

Қалалық «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполисте спорттың дамуына, белсенді спорттық демалысты дәріптеуге бағытталған.