Баскетбол 3х3 Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының тізіміне енуі мүмкін.

Бұл жайлы The Score сайты хабарлады. ФИБА ұйымының бас хатшысы Патрик Бауманның айтуынша, баскетболдың 3х3 түрі олимпиадалық спорт түрі атануға басты үміткерлер қатарында. Жаңа олимпиадалық спорт түрлері жайлы сұрақтар ХОК жиналысында келесі аптада талқыланбақ.