Алматылық «Қайраттың» қызметкерлері УЕФА Чемпиондар лигасының финалына барды.

Кешке түнде УЕФА Чемпиондар лигасының финалы өтті, Кардиффте еуропалық футболдың қос гранды – «Реал Мадрид» пен «Ювентус» күш сынасқан. Испаниялық клуб кезекті рет чемпиондар кубогын еншіледі.

Алматылық клубтан адалдық бағдарламасы бойынша еуропалық турнирге үздік қызметкерлер мен бапкерлер аттанды.

Ұлыбританияға барған соң «сары-қаралар» қаланы аралап, жергілікті мәдениетпен танысты. Ал кешкісін әлемдегі ең үздік футболшылардың ойынын тамашалады.