Бразилиялық журналист жүргізетін Non Sense Football-ды «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавиннің «Астана» қақпасына салған голы қызықтырды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Кеше премьер-лиганың 20-турында «Қайрат» «Астана» командасын 3:0 есебімен ұтқан болатын. Ал ресейлік форвард 22-минутта есеп ашты. «Қайраттың» әдемі ойыны және Аршавиннің орындауындағы көз тартарлық гол»-делінген видеодағы жазбада.

Айта кетейік, Аршавин жақында өзінің 36 жасқа толған күнін атап өтті.