Канадалық шабуылшы Тори Тривино елордалық «Барыспен» келісім-шартқа отырды. Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты хабарлады. 27 жастағы хоккейші командаға еркін агент ретінде келді. Еңбек келісімі екі жылға жасалды. Айта кетейік, бұған дейін «Барыстың» шабуылшысы Брэндон Боченски елордалық клубта 7 жыл ойнап, мансабын аяқтаған болатын.