Волейболдан клубтар арасында Азия чемпионатында қазақстандық команда төртінші орын алды.

«Алтай» әйелдер волейбол клубы қола медаль үшін кездесуде қытайлық «Тяньцзинь Бохай Банк» командасынан жеңіліп қалды – 1:3 (25:20, 22:25, 22:25, 20:25).

Осылайша, өскемендік ұжым Азия чемпионатын төртінші орында аяқтады.

Айта кетейік, Өскеменде өтіп жатқан Азия біріншілігінің финалында тайлық «Супреме Чонбури» жапониялық «Хисамицу Спрингспен» күш сынасады.