Рейтингтің алғашқы үштігін неміс спортшысы Анжелик Кербер, америкалық Серена Уильямс және чехиялық теннисшісі Каролина Плишкова бастап тұр.

Қазақстандық Юлия Путинцева бір орынға төмен түсіп, 29-шы орынға жылжыды. Ал, тағы бір қазақстандық спортшы Ярослава Шведова керісінше 51-ші орыннан 45-ші сатыға көтерілді.

Айта кетейік, бұл рейтингте Зарина Дияс бұрығы орнын сақтай алмай 182-ден 187-ші сатыға төмендеді.