Қазақстандық волейболшылар 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Пәкістан құрамасын жеңді.

Матч бес патрияға жалғасқан. Қазақстандық волейболшылар өте ауыр матчта қарсыластарын 3:2 (21:25, 25:22, 25:22, 18:25, 15:13) есебімен жеңді.

Бұл жеңіліске қарамастан Пәкістан командасы топтағы бірінші орнын сақтап қалды. Қазақстан – екі ұпаймен екінші орында. Үшінші сатыға қырғыз волейболшылары жайғасты – бір ұпай.

Енді Қазақстан мен турнир қожайыны Қырғызстан өзара кім мықтыны анықтайды. Отандастарымыз жеңіске жетсе, топта бірінші орын алады. Сол кезде әлем чемпионатының негізгі іріктеуіне өтеді.

2018 жылғы әлем чемпионаты. 2-ші іріктеу кезеңі. Орта Азия аймағы. Ерлер. Бішкек, Қырғызстан. Қазақстан — Пәкістан 3:2 (21:25, 25:22, 25:22, 18:25, 15:13)