Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова және ресейлік Ольга Забавина жекпе-жегі аяқталды.

Забавина мен Шәріпова арасындағы кездесу бүгін Мәскеудің «Корстон» залында өтті. Shamo Boxing Promotions проумоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінді жерлесіміз айқын басымдықпен жеңіске жетті. Нақытрақ айтсақ, кездесу барысында Забавина Фирузаның соққыларына төтеп бере алмады, ал төрешілер жерлесіміздің айқын басымдығын көріп кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кететін жайт, Шәріпова үшін бұл кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегі болды. Бұған дейін отандасымыз бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, бір мәрте қарсыласқа жол берген болатын. Ольга Забавина алты кездесу өткізіп,барлығында жеңіліске ұшыраған.