Бразиялилық қақпашы Диего Ранкальо алматылық команданың жанкүйерлерімен қош айтысты.

- Диего, «Қайраттан» кетуіңіздің себебі неде?

- Менің шешімім мансабыммен байланысты. «Қайратта» тұрақты ойнап тұру мүмкінішлігі берілмеді, ал маған ойнап тұру қажет.

- «Кайратта» ойнаған кезіңіздегі алған әсеріңіз қандай?

- Мен «Қайратта» естен кетпес екі жыл өткіздім. Алты титул ұттық. УЕФА кубогының қола жүлдегері атандық. Осы тамаша жеңстердің барлығы менің есімде қалды.

«Қайратта» ойнағанымды мақтан тұтамын. Әлемнің үздік клубтарының бірінде өнер көрсеткеніме өте ризамын.

- Клубта жақын араласқан адамдарыңыз бар ма?

- Өте көп (күлді). Осы уақытқа дейін көп адаммен достастым. Мен сол достарымды сөзсіз сағынамын.

- Жанкүйерлерге не айтасыз?

- Сәттілік тілеймін. Мен алматылық командадан абыроймен кетіп барамын. Жанкүйерлердің алматылық клубты әрдайым қолдағанын қалаймын. «Қайрат» әлі де көптеген жеңістерді тойлайды. Оған күмәнім жоқ.

Мені жарқын жүзбен қарсы алды, мен командадан абыроймен кетіп барамын себебі жақсы жұмыс атқардым. Барлығына рахмет!!!