Бірінші орта салмақ дәрежесінде WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері Қанат Ислам 27 — мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатында кезекті кездесуін өткізеді. Жерлесіміз мексикалық боксшы Норберто Гонсалеспен жұдырықтасады. Қос боксшы WBO NABA және WBA intercontinental чемпиондық белбеуін сарапқа салады.Әлемдегі ең үлкен букмекерлік кеңселер Қанат Ислам – Норберто Гонсалес кездесуіне бәс қабылдамауда. Мәселен, британиялық William hill, bet365 кеңселері бұл айқастың болатынын білмейтін сынды. Қазақстандық olimp және finbet кеңселері де бұл жекпе-жекке коэффициенттерін ұсынбады.Алайда халықаралық parimatch кеңсесі Қанаттың жеңісіне 1,07 берсе, Норберто Гонсалестің жеңісіне 9 коэффициент беруде. Отандық 1хbet букмекерлік кеңсесі Қанат 12 раундтық айқаста жеңіске жетеді дегенге 1,12 кэф беруде. Гонсалестің бағы жанады дегенге 6,7 кэф, тең аяқталады – 30 кэф. Кездесу қанша раундқа созылады: 8,5 раундтан көп – 1,85, ал аз дегенге 1,85 кэф беріп тұр.Айта кететін жайт, аталмыш бокс кешінде сондай-ақ жеңілістің дəмін татып көрмеген қазақстандық кəсіпқой боксшы Жанқош Тұраров та өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетсек, кездесуді «Kazsport» жəне Қазақстан ұлттық телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Басталу уақыты - 27-ші мамыр күні, таңғы сағат 09:00-де.