Сербияның Стара-Пазов(Сербия) қаласында танымал бапкер Милян Миляничті еске алу турнирі өз мәресіне жетті. Аталмыш жарыста футболдан Қазақстанның жасөпірімдер құрамасы да (U-17) өз күшін сынаған еді.

Турнирге үш құрама қатысты: Сербия, Қазақстан және Финляндия. Жас футболшыларымыз финляндиялықтармен тең ойнаса (1:1), алаң қожайындарына ірі есеппен (0:4) ұтылып, ең соңғы орынды иеленді. Сербия – төрт ұпай, ал Финляндия - екі.