«Арсенал» шабуылшысы Оливье Жиру «Марсельге» ауысуы мүмкін деген қауөсетті жоққа шығарды.

«Болашағымды «Арсеналмен» байланыстырамын. Барлығының айтып жүргені жалған сөз. Мәңгілік ештеме жоқ. Алайда маған лондондық клубта барлығы ұнайды. Менің әлі клубпен екі жыл келісімім бар. Алда не боларын көреміз»,- деді Жиру.