«Атлетико» ойыншысы Коке командамен келісім шартын ұзартты. Жаңа келісім шарт бойынша жартылай қорғаушы мадридтік командада 2024-ші жылға дейін қалады. Коке «Атлетико»командасының төл түлегі. Басты командада алғашқы ойынын 17 жасында өткізген. Бүгінгі күнге дейін 323 ойынға қатысып 28 гол соққан.