27 мамырда «Kazsport» арнасы америкалық Юджин қаласында өтетін жеңіл атлетикадан «Гауһар Лигасы - 2017» турнирінің үшінші кезеңін тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның ресми сайты хабарлады. Гауһар Лигасы (Diamond League) — жыл сайын жеңіл атлетикадан өткізілетін коммерциялық жарыстар сериясы. Бұл Лиганы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының қауымдастығы ұйымдастырады. Трансляция басталуы сағат 02:00-де.