Өскемендік «Торпедо» ресейлік шабуылшы Вадим Кравченкомен бір тараптық келісім-шартқа отырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

23 жастағы Вадим Кравченко бұрын «Мамонты Югры» (Ханты-Мансийск), «Челмет» (Челябинск) және «Спутник» (Нижний Тагил) клубтарында ойнаған.

Еңбек келісімі бір жылға жасалды.