Еуропалық футбол ассоциацияларының одағы «Манчестер Аренадағы» жарылыстан жапа шеккендерге көңіл айтты. Естеріңізге сала кетейін, Ариана Гранденің концертінен кейін болған жарылыстан кемі 19 адам қаза тауып, 50 шақтысы жарақат алған.

«УЕФА Манчестерде болған жарылыстан әлі есін жияр емес. Жапа шеккендер мен олардың отбасына көңіл айтамыз», — деп жазды ұйымның ресми твиттерінде.