«Арсеналдың» бас жаттықтырушысы Арсен Венгер қақпашы Петр Чехтің 40 жасқа дейін ойнайтынына сенімді.

«40 жасқа дейін ойнаған Эдвин Ван Дер Сардың жоғарғы деңгейін қалай ұстап тұрғанын білеміз. Сондықтан Петр де осы деңгейде әлі бірнеше жыл ойнай алады. Қазір ол бабында. Жақы ойын көрсетіп жүр. Өз жұмысын мұқият орындап кәсібилік танытып келеді. Командада осындай ойыншылардың болғанына қуанамын», - деп маманның сөзін Evening Standard жеткізді.