«Джиро д’Италия» веложарысының 15-ші кезеңінде «Астананың» жетекші спортшысы Танел Кангерт ауыр жарақат алды.

Елордалық клубтың эстониялық спортшысы мәреге 7 шақырым қалғанда қоршалмаған жол белгісіне соғылып, қолын сындырып алды. Осылайша, Кангерт жарысты аяқтауға мәжбүр болды.

Дәрігерлік тексерістен кейін белгілі болғандай, Танел сол қолын сындырып, иығын ауыр жарақаттап алды. Кангерт жарақатынан 6-7 ай емделеді деп күтілуде. Демек, эстониялық велошабандоз үшін маусым аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, «Джироның» 15-ші кезеңін люксембургтік Боб Юнгельс жеңіп алды, ал жалпы есепте Том Дюмулен көш бастап келеді.