Британиялық боксшы Келл Брук қазақстандық Геннадий Головкинді есіне алды.

«Бұл автокөлік апатынан алуға болатын жарақат еді – сіздің бетіңіз панельге тиіп, сүйегіңіз сынады. Бірнеше жыл бұрын осындай жарақат алған жігітпен сөйлескенмін, ол да солай деді. Көзім өз шарасынан шығып кеткендей болды. Мен оны өз орнына «қоюға» тырыстым. Қауіпті жарақат екенін түсіндім. Ауруханаға келгенде дәрігер тағы бір соққы тигенде, көзімнен айырылатынымды айтты», - деді Брук Sky Sports-ке берген сұхбатында.

Головкин – Брук жекпе-жегі былтыр қыркүйекте өткен еді. Қазақстандық боксшы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.