Германия Бундеслигасы мәресіне жетті. Ел чемпионы бірнеше тур бұрын белгілі болған. Соңғы турда қалған қызығы біріншіліктің үздік сұрмергенін анықтау еді.

Соңғы тур алдында «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовский сұрмергендер тізімінде 30 голмен көш бастап тұрған. Ал екінші орында «Боруссия» ойыншысы Пьер Обамеянг жайғасқан болатын. Оның еншісінде 29 гол болатын. Соңғы турда «Боруссия» «Вердерді» қабылдаса, «Бавария» «Фрайбургпен» кездесті . «Боруссия» да «Бавария» да өз кездесулерінде төрт голдан соқты. Алайда Роберт Левандовскийдің тоқсан минут бойы қанжығасы майланбаса, Пьер Обамеянг екі голды еншісіне жазды.

Осылайша Германия бундеслигасының үздік сұрмергені атағы габондық шабуылшы Пьер Обамеянгтың қанжығасында кетті.

«Бавария» - «Фрайбург» - 4:1 (1:0)Голдар:Роббен 4, Видаль 73, Рибери 90+1, Киммих 90+4 – Петерсен 76.

«Боруссия» (Дортмунд) – «Вердер» - 4:3 (2:1)Голдар:Ройс 32, Обамеянг 42, Ройс 75 (пен), Обамеянг 89 (пен) – Юнусович 7, Бартельс 46, Крузе 68.

Сұрмергендер тізімі:1. Пьер Обамеянг – 31 гол2. Роберт Левандовский 30 гол3. Антони Модест 25 гол