27 мамырда Ұлыбританияда жартылай орта салмақта IBF чемпионы Келл Брук пен америкалық Эррол Спенс арасында жекпе-жек өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23:00-де басталмақ. Бұл жекпе-жектің тікелей трансляциясын «Хабар» телеарнасынан тамашалауға болады. Айта кетейік, былтыр Келл Брук қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасып, кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілген болатын.